Облыстық «Балалар Даму Академиясы»іздестіру-зертеу конференциясы

2019 жылдың 6-8 қараша аралығында «Евразия» туристік- сауықтыру кешенінде «Балалар Даму Академиясы» іздестіру - зертеу конференциясы өткізілді.

Конференция дарынды оқушыларды анықтау, олардың қабілеттерін дамыту, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру, мектеп бағдарламасынан тыс зерттелетін материалдарды ұғынуға оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың зерттеу ісі жөніндегі ғылыми-әдістемелік жұмыстарына деген үйірме жетекшілерінің шығармашылығы мен ынтасын дамыту мақсатында өтті.

Жарысқа облысымыздың 9 ауданы және Орал қаласы командалары қатысты.

Төрешілер Ақжайық, Бәйтерек және Тасқала аудандарынан командаларын өте жоғары дайындықпен келгенін атап көрсетті.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"