"Қосымша білім беру жағдайында балалар-жасөспірімдер туризмін іске асырудағы кластерлік тәсіл" атты халықаралық форумының баспасөз хабарламасы

Өткізілетін уақыты: 11-12 қараша 2019 жыл, Орал қаласы.

Ұйымдастырушылар:

  • Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы;
  • Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы.

Форумның мақсаты: Қазақстан Республикасының балалар – жасөспірімдер туризмі кластерінің қызметін насихаттау арқылы ішкі және кірмелік туризмін дамыту. Форумға қатысушылар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік ведомстволары мен қоғамдық ұйымдары, балалар туристік ұйымдары, қосымша білім беру мекемелерінің басшылары (өкілдері), жоғары оқу орындарының басшылары, ғалымдары, БАҚ және балалар туризмі проблемаларымен айналысатын қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Ресей Федерациясының қосымша білім беру ұйымының өкілдері мен ЖОО ғалымдары.

Форум 3 бөлімнен тұрады:
І бөлім - пленарлық отырыс ТEDx форматта (Хадиша Бөкеева атындағы
қазақ драма театры)
ІІ бөлім - танымдық-экскурсиялық бағдарламамен теориялық-практикалық  
аймақ (облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және 
экология орталығы)
ІІІ бөлім – көшпелі семинар-практикум («Атамекен» қалалық балалар-
жасөспірімдер туризмі және экология орталығы, Бәйтерек ауданы
Жас туристер станциясы) Негізі: Қазақстандағы туризмнің дамуының негізгі мақсаты заманауи бəсекеге қабілетті туризм саласында туристік кешен қалыптастыру. Ішкі туризм саласында туристік кластердің сапалы қызмет атқаруының тиімді факторы - балалар туризмінің дамуы. Қазақстандық туризмді дамытуға арналған ТОП – 50 туристік нысандардың құрамына енген - Батыс Қазақстан облысы балалар және жасөспірімдер туризмі кластерінің қызметін насихаттау мақсатында халықаралық форум өтеді.
Бүгінгі таңда облыста 14 балалар-жасөспірімдер туризмі орталықтары мен станциялары жұмыс атқарады. Орталықтар қызметімен облыс оқушыларының 12% қамтылып отыр. Балаларға туристік-өлкетану қызметі арқылы  үздіксіз білім мен тәрбие берудің толыққанды жүйесі құрылды. Ресей Федерациясы және басқа да шетелдердің балалар ұйымдарымен халықаралық конференциялар мен іс-шаралар өткізуде тәжірибе жинақталып, халықаралық байланыстар қалыптасты.
Республикалық туризмді дамыту мәселелерін талқылауға форум қонақтарының тікелей қатысуын көздейтін шеберлік-сыныптар. Шеберлік-сыныптар дискуссиялық алаң түрінде өтеді. Батыс Қазақстан облысының туризм орталықтарының іс-тәжірибесі экскурсиялық-танымдық бағдарламалармен таныстырылады. Орал қаласында балалар туризмінің дамуы мекетепке дейінгі ұйымдарда шеберлік сыныптар арқылы көрсетіледі. Бәйтерек ауданында жас туристтер станциясына экскурсия барысында ауданның көрікті жерлерімен және туристік ресурстарымен танысады.  Пленарлық отырыстың қонақтары мен спикерлері:

  1. Ескалиев Гали Нажмеденұлы, Батыс Қазақстан облысының әкімі;
  2. Егізбаев Серік Рахметоллаұлы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
  3. Нукетаева Динар Жүсіпәліқызы, ҚР Парламент Сенатының депутаты;
  4. Өтемісов Шавхат Әнесұлы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты;
  5. Тарасенко Елена Ивановна, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары;
  6. Сұлтанов Қайрат Абайдуллаұлы, ҚР балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту жөніндегі республикалық қауымдастығының төрағасы;
  7. Вуколов Владимир Николаевич, «Тұран» университеті Туризм ғылыми-зерттеу институтының директоры, п.ғ.д., профессор, халықаралық дәрежедегі спорт шебері;
  8. Никитинский Евгений Сергеевич, «Туран-Астана» университетінің профессоры, п.ғ.д.;
  9. Смирнов Дмитрий Витальевич, А. А. Остапец-Свешников атындағы балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану халықаралық академиясының президенті РФ Мәскеу қаласы;
  10. Елена Викторовна Иванова, Орынбор қалалық кеңесінің депутаты;
  11. Идрисов Ранис Анварович, Татарстан Республикасының   Республикалық мектептен тыс жұмыс орталығының директоры;
  12. Абдулхаиров Абжемиль Закерьянович, Қырым Республикасы инженерлік-педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, п. ғ. к.;
  13. Мазбаев Орденбек Блисбекұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің профессоры, география ғылымдарының докторы, «Қазақ Сақ» компаниясының директоры.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"