«Киіз үйге саяхат» шеберлік сыныбы

2019 жылдың  11 қараша күні Халықаралық «Қосымша білім беру жағдайында балалар-жасөспірімдер туризмін жүзеге асырудағы кластерлік тәсіл» форумының аясында «Киіз үйге саяхат» шеберлік сыныбы өтті.        

Шеберлік сыныбының мақсаты: қазақ халқының ұлттық құндылықтарды жаңғырту, жас ұрпақтың бойына ұлттық сананы сіңіре отырып, өз Отанын сүюге баулу. Аталмыш шарада өлкетану бөлімінің үйірмешелірі өз өнерлерін ортаға салып, қазақтың ұлттық ойындарынан, салт-дәстүрлерінен  көрініс көрсетіп, ат әбзелдерімен таныстырды. Келген қонақтар ақ дастарханнан  дәм татып, ақ баталарын берді.

Салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені  әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Қазақы тәрбиені  әрдайым отбасында ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді.

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"