В.П Фоминді еске алуға арналған жаяу туризм техникасынан жарыс

2019 жылдың 18-19 қараша күндері аралығында Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Донецк ауылында «Барбастау» туристік базасында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының директоры В.П Фоминді еске алуға арналған жаяу туризм техникасы мен тактикасынан жарыс ұйымдастырылды.

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының («Атамекен» және «Жас Ұлан») үйірмешілер командасы қатысты, жетекшілері Нәсіпқалиев Медет  пен Халенов Ұлан. Команда құрамында 3 ұл,  2 қыз, 1 қосымша қатысушы, 2 жетекші болды.  Жарысқа жалпы саны 12 команда Ақжайық ауданы, Бәйтерек ауданы, Бөрлі ауданы, Сырым ауданы, Теректі ауданының Ақсуат ЖОББМ, Новопавловка ЖОББМ, Магистральный ЖОББМ, Подстепный ЖОББМ, Ұзынкөл ЖОББМ, Федоровка ЖОББМ мектептерінің командалары қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында Теректі ауданының әкімі Жоламанов Әділ Тауфихұлы жарысқа қатысушыларға құттықтау сөз  сөйлеп, сәттілік тіледі.

Жарыс бағдарламасына сай эстафета, түнгі спорттық бағдарлау, туристік техника қашықтықтары және туристік тұрмыс және дағды байқауы өткізілді. Жарыс нәтижесінде:
Түнгі спорттық бағдарлау қашықтығында жалпыкомандалық есепте ОБЖТжЭО командасы 4 орын.
Туристік тұрмыс және дағды байқауы бойынша:
1 орын – ОБЖТжЭО командасы;
2 орын – Бөрлі ауданы командасы;
3 орын – Бәйтерек ауданы командасы.
Эстафета (көңілді старт):
1 орын – Бөрлі ауданының командасы;
2 орын – ОБЖТжЭО командасы;
3 орын – Ақжайық ауданының командасы.
Жалпыкомандалық есепте:
1 орын – Бөрлі ауданының командасы;
2 орын – Ақсуат ЖОББМ командасы;
3 орын – ОБЖТжЭО-ның командасы.
Жарыс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!!!

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"