«Өз жеріңді танып, біл» акциясы туралы ақпарат

Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының елдің өңірлері бойынша «Өз жеріңді танып, біл» атты жаппай мектеп туризмін жандандыру бойынша шараларды қабылдауға қатысты 98-тармағын орындау,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.

Осы ережелерді жүзеге асыру мақсатында БҚО білім басқармасы БҚО-ның барлық білім беру ұйымдарында (жалпы білім беретін мектептердің мектепке дейінгі мекемелерінде, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында) «Өз жеріңді танып, біл» атты экскурсиялар мен жорықтар акциясы оздырылды. Акцияға қаланың және аудан мектептерінің оқушылары мен педагогтары қатысты.

Акция барысында шағын орталықтар мен төменгі сыныптың оқушылары өздерінің аумақтарында, мектеп алаңында шағын серуендерге шығып, таза ауамен тыныстап өздерінің үлестерін қосты. Ал, орта сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге туған жердің табиғатын тамашалап, ауылдың тыныс тіршілігімен танысып әр ауданда, әр ауылда түрлі-түрлі кереметтей экскурсиялар мен экспедициялар өткізілді. Жоғары сынып оқушылары болса 1,2,3 күндік және  I категориялы қиындықтағы жорықтарға (6 күндік) шықты. 
Нәтижесінде жалпы акцияға қатысқан қала мектептерінен 35 мектеп және 11 аудан (Шыңғырлау аудандарынан басқа) шықты.  Облыс бойынша акцияға барлығы 213 мектеп, 23 577 оқушы қамтылды. 
Облысымыздан балалармен жасалған I категориялық қиындықтағы жорық – 7, ал ересектермен 4 жорық өтті.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"