Облыстық отбасылық «Әкем, анам және мен – туристік отбасы» онлайн байқауының қорытындысы

2020 жылдың 10-11 қыркүйек күндері аралығында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен отбасылықспорттық туризмін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және ата-аналармен жұмыстарын белсендіру мақсатында отбасылық «Әкем, анам және мен – туристік отбасы» онлайн байқауы өткізілді.

Байқауға облысымыздың барлық аудандары мен Орал қаласының

13 белсенді отбасылары қатысты. .

Байқау 4 номинация бойынша өткізілді. Нәтижелері байқаудың әр түрінен бөлек және жалпы сынақта жинаған ұпай мөлшеріне қарап шығарылды.

Номинациялар бойынша жеңімпаздар:

«Отбасылық фотосуреттер» номинациясы:

1 орын – Телагисовтер отбасы (Ақжайық ауданы);

2 орын – Шорабаевтар отбасы (Шыңғырлау ауданы);

3 орын – Бердигалиевтар отбасы (Сырым ауданы).

«Туристік тұрмыс және дағды» номинациясы:

1 орын – Телагисовтер отбасы (Ақжайық ауданы);

2 орын – Бердигалиевтар отбасы (Сырым ауданы);

3 орын – Утегалиевтер отбасы (Бөрлі ауданы).

«Бард әндері» номинациясы:

1 орын – Бердигалиевтар отбасы (Сырым ауданы);

2 орын – Тасбулатовтар отбасы (Казталов ауданы);

3 орын – Телагисовтер отбасы (Ақжайық ауданы).

«Табиғат аясына бір күндік отбасылық демалыс» бейнеролигі:

1 орын – Телагисовтер отбасы (Ақжайық ауданы);

2 орын – Утегалиевтер отбасы (Бөрлі ауданы);

3 орын – Хайруллиндер отбасы (Бәйтерек ауданы).

Жалпы сынақта жинаған ұпай қарап, жалпы командалық есепте облыстық отбасылық онлайн байқаудың жеңімпаздары анықталды:

1 орын – Телагисовтер отбасы (Ақжайық ауданы);

2 орын – Бердигалиевтар отбасы (Сырым ауданы);

3 орын – Утегалиевтер отбасы (Бөрлі ауданы).

Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдарымен, медальдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"