«СПОРТ LIVE» қашықтықтан спорттық бағдарлау байқауының облыстық кезеңінің ақпараты

Байқау 2020 жылдың 31 шілде - 11 тамыз аралығында Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының (облыстық кезең) және аудандық жас туристер станцияларының (мектептік және аудандық кезең) ұйымдастыруымен онлайн түрде өткізілді. Ережеге сай 10-12 және 13-17 жастар аралығындағы қатысушы ұл-қыздар өзара сайысқа түсті.

Байқау мақсаты спорттық бағдарлауды танымал ету, спорттық бағдарлау жарысын қашықтықтан жоспарлау сапасын арттыру, оқушылардың спорттық бағдарлауға деген ынтасын арттыру болып табылады. Байқау күні қатысушыларға старт және мәре орны белгіленген, солтүстік бағыты көрсетілген толық безендірілген карталарды және осы картада орындалатын тапсырмалар көрсетілген матариалдар жіберілді. Қатысушылар компас, транспортир, сызғыш көмегімен қашықтық сызбасын орындап ұйымдастырушыларға жіберді. Сонымен қатар қатысушылардан жұмыс орындалуын көрсететін 1-2 минуттық видеоматериалдар қабылданды. Байқау кезеңдеріне жалпы 7 ауданнан 209 оқушы қатысты. Байқауға қатыспаған Теректі ауданы, Жаңақала ауданы, Казталов ауданы, Жәнібек ауданы, Бөкейорда ауданы, Орал қаласы қатысушылары. Облыстық байқау қорытындысы бойынша жеңімпазадар 4 топта анықталды:

10-12 жасар қыздар арасында:

1 орын Ниязова Айдана (Сырым ауданы)

2 орын Жанболатқызы Қарақат (Бөрлі ауданы)

3 орын Изгалиева Назым (Тасқала ауданы)

10-12 жасар ұлдар арасында:

1 орын Темірхан Мұрагер (Бөрлі ауданы)

2 орын Қанатқали Санжар (Ақжайық ауданы)

3 орын Серікқали Ернұр (Бәйтерек ауданы)

13-17 жасар қыздар арасында:

1 орын Самиголла Гүлназ (Ақжайық ауданы)

2 орын Беисова Гүлсім (Бөрлі ауданы)

3 орын Пархоменко Валерья (Бөрлі ауданы)

13-17 жасар ұлдар арасында:

1 орын Мақсот Нұрсұлтан (Сырым ауданы)

2 орын Ерғали Али (Ақжайық ауданы)

3 орын Давлетов Батырхан (Бөрлі ауданы)

Ұйымдастырушылар Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Тасқала аудандарының белсенділігін атап өтті.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"