Велосипед туризмі техникасынан «Мәнерлеп жүру» қашықтығы бойынша онлайн байқауы туралы ақпарат

Велосипед туризмінен өткізілетін онлайн байқау оқушылардың туристік-спорттық шеберліктерін шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау, велосипед туризмі техникасын дамыту мақсатында ұйымдастырылады. Байқау 2020 жылдың 20 – 24 шілде аралығында өткізіледі.  Байқауға өз еріктерімен  облысымыздың барлық аудандары мен Орал қаласының 13-15 жастағы оқушылары қатыса алады.

      Байқауға жарыс өту кезеңінің 2-3 минуттық кәсіби түсірілімі монтаждалған бейнеролик қабылданады. Велосипед туризмі техникасы бойынша байқауы (https://vk.com/zko_tur)  сілтемесіне 2-3 минуттық видео салып, белгілі бір мерзімде (27 шілде сағат 12:00де басталып, 28 шілде сағат 15:00де аяқталады) дауыс беру арқылы бағаланады. Бейнероликте қашықтықтың кезеңдерінен өтуі, велосипед жарыстарының фотосуреттері,  және т.б. қосымша материалдар қолдануға болады. Орындар ең көп дауыс жинау санымен белгіленеді. Байқау қорытындысы бойынша үш жүлделі орын тағайындалады.

 «Мәнерлеп жүру» қашықтығының кезеңдері:

  1. Шеңбер
  2. Затты тасымалдау
  3. Кеспе ағаш
  4. Қақпа
  5. Жіңішке тақтай

 Қатысушыларға жақсы бастамалар, көтеріңкі көңіл-күй және жеңістер тілейміз!!!

Хэштег:#МОНРК#RUMCDOMONRK#Білімбасқармасы#ТуризмЗКО#Велотуризм#Жазғы демалыс

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"