Ұлы Жеңістің 75 жылдығына ұйымдастырылған «Желбіре, Жеңіс жалауы!» облыстық интернет байқауының қорытынды ақпараты

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сай 2020 жылдың 14 мамырдағы № 232 бұйрығына сәйкес, 2020 жылы 14 мамыр –30 маусым аралығында облыстық «Желбіре, Жеңіс жалауы!» сырттай байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты: Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған Ұлы Отан соғысында ар мен намысты ту еткен батырлар рухына тағзым ету, Қазақстандықтардың ерен ерліктерін бағалай білу мақсатында жас ұрпақ бойына Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, азаматтыққа және әскери - патриоттық рухта тәрбиелеу.

Байқауға барлығы сырттай 14 команда, 78 оқушы қатысып, 2 бөлім бойынша өткізілді.«Менің ауылым – соғыс жылдарында» бөлімінде оқушылардың іздестіру – зерттеу жұмыстарын бағаланды. Екінші бөлімде «Ардагерге құрмет–ұрпаққа міндет» челленджі әлеуметтік желіде белсенді жүргізілді. Екі бөлім бойынша қатысушылар төмендегідей орындарға ие болды.

I бөлім – «Менің ауылым – соғыс жылдарында» бөлімі бойынша:

1 орын –Аханова Айгерім (Бөкей ордасы ауданы)

2 орын – Якимов Рустам (Бәйтерек ауданы)

3 орын – Баландина Екатерина (Бәйтерек ауданы)

ІІ бөлім – «Ардагерге құрмет-ұрпаққа міндет» челленджі бойынша:

1 орын –Бөкей ордасы ауданы

2 орын – ОБЖТжЭО

3 орын – Сырым ауданы

Жеңімпаздар грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқау қорытындысы бойынша «Соғыстың үшбу хаттары» кітабы шықты.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"