«Жас эколог», «Табиғат» үйірмелері Адайәлі Мирбол Ғибатоллаұлы

Адайәлі Мирбол Ғибатоллаұлы

Жоғары санатты биология-экология пәндері мұғалімі, ІІ санатты қосымша білім беру педагогі. Еңбек өтілі 20 жыл.

jastalap

«Жас эколог» және «Табиғат» туристік-экологиялық үйірмелері Орал қаласындағы №46 ЖОББМ оқушыларынан құралды. Үйірмеде сабақтар 16 қыркүйектен бастап онлайн режимде оздырылуда.  «Жас эколог» үйірмесінде 6 сыныптан 15 оқушы, «Табиғат» үйірмесінде 13 оқушы қосымша білім алуда. Бұл үйірмелердің басты мақсаты оқушыларға туристік-экологиялық білім беру, туған жердің табиғатын, жан-жануарлар дүниесін біліп-тануға, оларды көздің қарашығындай сақтауға тәрбиелеу болып табылады. Үйірмелердің оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктеріне, оқу-меңгеру жылдарына (бірінші жыл, екінші жыл) байланысты құрылған. Бағдарламалар оқушылардың өзінің туып-өскен қоршаған ортасын танып өсуіне, Батыс Қазақстан, Орал қаласының табиғи ерекшеліктерін және табиғатын қорғауға нақты атсалысуына жағдай жасайды. Осы үйірмелердегі қамтылған білім бағыттары және практикалық жұмыс, саяхат сабақтар оқушылардың экологиялық білімін кеңейтіп, экологиялық мәдениетін қалыптастырады. Оқушылар қоршаған орта-табиғат заңдылықтарын жете түсініп, өздерін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінеді. Қазіргі кезде орын алып отырған табиғи апаттардың себебін түсінуге, табиғаттың алуан түрлілігін сақтауға тырысады.  

2020-21 оқу жылының І тоқсанында «Соvid-19» пандемиясына байланысты ата-анасы келісімімен қашықтықтан, телефонмен «ватсап» қосымшасы арқылы оқыды. Кейде «видеозвонок» арқылы «онлайн» сабақтар жүргізілді. Онлайн сабақтарда  ватсап арқылы мәліметтер, тапсырмалар, бейнесабақтар жіберіліп, пікір алмасу  арқылы жүзеге асуда. Оқушыларға «Экология деген не?», «Табиғат - адамзатқа аманат» атты бейнесабақтар, «Экология» ғылымының қалыптасу кезеңдері, «Жыл мезгілдері», «Қоршаған ортаның мезгілдік өзгеруі», «Туризмнің мақсат-міндеттері» тақырыбындағы дәріс сабақтар және оқушыларды білім мен білікке, батырлық пен патриотизмге баулитын «Ар-намысты арқалаған рухты Бауыржан» тақырыбындағы Бауыржан Момышұлы туралы, «Дара тұлға – Әбу Насыр әл Фараби» атты Әбу Насыр әл Фараби туралы деректі фильмдер көрсетілді. Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Жыр қыраны Жұбан ақын» поэзиялық онлайн сайысқа «Жас эколог» үйірмесі мүшесі Қайырбек Әсет қатысты.

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"