Сырым аудандық «Жас туристер станциясы» МКҚК мекемесінің тарихы:
Аудандық білім беру бөліміне қарасты «Жас туристер станциясының» МКҚК мекемесінің негізгі мақсаты қосымша білім беру болып табылса, қосымша білім беру жүйесінің ең басты қасиеті-баланың жоғарғы деңгейдегі талабын іске асыру мүмкіндігін, өзінің жеке қызығушылығын, потенциалдық мүмкіндіктерін және қабілеттерін көтеру болып табылады. Сонымен қатар негізгі ұстаным жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шығармашылық дамыту, олардың ізденісі мен сенімділігін, қоршаған ортаға деген танымдық қызығушылығын арттыру, өз өлкесінің тарихи шежіресін зерттеп тану болып табылады.
Қазіргі таңда «Жас туристер станциясының» МКҚК мекемесінде 17 педагог жұмыс жасаса, оның 14-і жоғары білімді мамандар. Мекеменің қосымша білім берудегі басты проблемасы «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің сұраныстарын ескере отырып, кәсіби шығармашылықтың алуан түрлі формулары арқылы өскелең ұрпақтың сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру» болып табылады. Негізінен аталмыш мекеме өз жұмысын 2000 жылдың 14 қаңтарынан Сырым аудандық әкімінің №13 бұйрығы шешіміне сай аудандық білім беру бөліміне қарасты МКҚК «Балалар мен жасөспірімдер туризмі және тәрбие орталығы» мекемесінде туризм бөлімі болып өз жұмысын бастады. Осы жылдар ішінде мекеме басшысы қызметін Л.Т.Нұрмұханова атқарса, 2003-2007 жылдары А.К.Жоламанова, 2008-2009 жылдары Ж.Т.Купешова, ал 2009 жылдың қазан айынан бастап осы кезге дейін яғни «Жас туристер станциясы» МКҚК мекемесінің директоры қызметін А.Ж.Мухамбетжанова атқаруда.
Мекен жайы: Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Сырым Датұлы көш., 14
Тел: 8 (7113) 422 580
Электрондық адрес: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Аудандық «Жас туристер станциясы» МКҚК-ы жанынан мектептерде ашылған туризм, өлкетану және экология бағыттарындағы үйірмелердің орналасуы
Сырым аудандық «Жас туристер станциясы» МКҚК-ы туралы қысқаша мәлімет
Сырым аудандық білім беру бөлімінің «Жас туристер станциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Сырым ауданды әкімінің 2012 жылдың 23 қаңтардағы № 27 қаулысының шешімі негізінде құрылды.
Аудандық «Жас туристер станциясы» МКҚК-ы қызметінің негізгі мақсаты қосымша білім беру жүйесінде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, туризм бойынша, туризм негіздерін игеру, балалардың жеке басының дамуына, денсаулығын нығайтуына, кәсіптік бағдарын айқындауына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, балаларды қоғам өміріне бейімдеу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, баланың рухани әлемі мен жеке тұлғасын байыту, жетілдіру, шығармашылық және танымдық қызметтерге қатысу дайындығын қамтамасыз етуге жағдай жасау, ата-ана мен тәрбиеленуші бала арасында тәрбие кеңістігін құру, педагогтың шығармашылығы мен қызметтеріне ата-аналарды тарту, педагогтың кәсіптік деңгейін арттыру мақсатында қажетті жағдайлар жасау. азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге немқұрайлы қарамауға тәрбиелеу және білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
2013 жылдың 1 қарашасынан бастап қазірге дейін директор міндетін Батыршин Бейбіт Ахметұлы уақытша атқарып келеді.
Қазіргі таңда Жас туристер станциясында және мектептерде (11 мектеп) туризм, өлкетану және экология бағыттарында ашылған 37 үйірмеде 20 педагог жұмыс
Төлқұжат
Қосымша білім беру ұйымының толық атауы: Сырым аудандық білім беру бөлімінің «Жас туристер станциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Құрылған жылы: Сырым ауданы әкімдігінің 2012 жылдың 23 қаңтарындағы №27 қаулысына сай Сырым аудандық білім беру бөлімінің «Жас туристер станциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып құрылды.
Құрылтайшысы: Сырым аудандық білім беру бөлімі
Ұйымның түрі: Балаларға арналған қосымша білім беру
ұйымы
Мекен –жайы: Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, С.Датұлы көшесі 14, тел:8711 34 22 580
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік: № 115-1926-11-МК
Электрондық адресі: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Педагогтар саны: 20
Соның ішіңде:
Біліктілік санаттары бойынша:
Жоғары санатты – 1
Бірінші санатты – 1
Екінші санатты – 5
Санатсыз – 13
Кеуделік белгісінің иегерлері бойынша:
ҚР «Туризм нұсқаушысы» - 1
Үйірмелер саны: 37
Соның ішіңде:
Бағыттары бойынша:
Туризм -6
Өлкетану – 7
Экология – 13
Изотуризм – 4
Бард – 1
Спорттық бағдарлау – 6
Үйірмелердегі барлық оқушы саны: 526
Фото | Ф.И.О. | Должность |
---|---|---|
Батыршин Бейбіт Ахметұлы |
Директор міндетін уақытша атқарушы | |
Есламгалиев Жасқанат Бауыржанұлы | Туризм бөлімінің меңгерушісі | |
Ескабулов Ерлан Мақсотұлы |
әдіскер | |
Атчибаев Қайрат Сиражиденұлы |
ұйымдастырушы | |
Бердигалиев Есенжан Аманжолұлы |
ұйымдастырушы | |
Ажигалиев Сырым Хамидоллаұлы |
туризм үйірмесінің жетекшісі | |
Бекмуханова Асель Болатовна |
Экология үйірмесінің жетекшісі | |
Макарова Мая Амандыққызы |
изотуризм үйірмесінің жетекшісі | |
Кайргалиева Илона Нұрмағанбетқызы | Экология үйірмесінің жетекшісі | |
Айдарханова Айымгуль Ергеновна |
Экология үйірмесінің жетекшісі |