Ескалиева Гүлмира Тәлішқызы
Жоғары білімді, қосымша білім беру педагогы.
Еңбек өтілі: 20 жыл.
Мамандығы: тарих және әлеуметтік пәндер.
«Менің Отаным - Қазақстан» туристік – өлкетану экспедициясы шеңберінде «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда өлкетанулық қызметін ұйымдастыруда «Музей белсенділері» өлкетану үйірмесі іске асырылу мерзімі бойынша үш жылдық мазмұндық, тақырыптық бағыты бойынша туристік – өлкетану, оқу – танымдық, , ұйымдастыру түрі бойынша үйірмелік болып табылады.
Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының жұмыс жоспарына сай 2018 -2019 оқу жылдың 15 қыркүйегінен №49 жалпы орта білім беретін мектебінің жанынан ашылған «Музей белсенділері» үйірмесі жұмыс жасап келеді. Үйірмеге 7 сынып оқушыларынан 15 оқушы қатысады.
Мақсаттары мен міндеттері: Жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, Отансүйгіштікке, азаматтыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Туған өлкенің тарихи-мәдени, рухани мұраларын танып білуге, туған өлкеміздегі белгілі тарихи қайраткерлердің, әдебиетшілердің өмірлерімен таныса отырып, бос уақыттарын тиімді пайдалануды, салауатты өмір салтын қалыптастыруды, туристік шеберлікті меңгерту және жетілдіруді көздейді.
2018-2019 оқу жылы
Күнтізбелік тақырыптық жоспары
Фото учащихся
Наша группа Вконтакте