«Жайық –Урал 2024» туристік-экологиялық
экспедициясы
Білім басқармасының 2024 жылғы жұмыс жоспарына сай, оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, экологиялық сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатты қорғауға баулу мақсатында 2024 жылдың 2-8 шілде аралығында Январцево ауылы (Бәйтерек ауданы) - Орал қаласы су маршруты бойынша «Жайық-Урал» туристік-экологиялық экспедициясы өткізілді. Оқушылар 151 шақырымды қайықпен жүріп өтті.
Экспедиция мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, экологиялық сауаттылығын және білімдерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Аталмыш маршрут тізбегі бойынша Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Казталов Теректі аудандарының, Орал қаласының және ОБЖТжЭО оқушылары қатысты, барлық қатысушы саны - 31.
Ақжайық ауданы – 5 қатысушы (3 оқушы + 2 жетекші);
Бәйтерек ауданы – 4 қатысушы (3 оқушы + 1 жетекші);
Казталов ауданы – 4 қатысушы (3 оқушы + 1 жетекші);
Бөрлі ауданы – 4 қатысушы (3 оқушы + 1 жетекші);
Теректі ауданы – 4 қатысушы (3 оқушы + 1 жетекші);
ОБЖТжЭО - 5 қатысушы (4 оқушы + 1 жетекші);
Орал қаласы – 5 қатысушы (3 оқушы +2 жетекші);
7 күн ішінде экспедицияға қатысушылар Жайық өзені бассейінінің табиғатын және экологиялық мәселелерін зерттеу тапсырмасын орындады, өзен жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары бойынша практикалық экологиялық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, экспедиция барысында 9 бағыт бойынша (топографикалық, геоморфологиялық, геоботаникалық, фенологиялық, зоологиялық, гидрологиялық, экологиялық, метеорологиялық және топырақ қабаты) зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмыстар экспедицияға қатысушыларға өзендердің бассейінінің негізгі экологиялық мәселелерін анықтап, оны шешу жолдарын табуды міндеттеді. Ұйымдастырылған әртүрлі байқаулар экспедиция бағдарламасын әрлендіріп, талантты балаларды айқындады.
«Жайық-Урал» туристік-экологиялық экспедициясы барысында топтар арасында тығыз ынтымақтастық және жылы достық қатынас қалыптасты. Оқушылар далалық жағдайда туристік тұрмыс және дағды негіздерін, жүзу тәсілдерін меңгеруді үйренді. Экспедиция кезінде оқушылар ғылыми - ізденіс жұмыстарын жүргізу тәсілдерін үйренді және экспедиция арқылы мектептен алған теориялық білімдерін толықтырылды.
2024 жылдың күзінде «Жайық-Урал» туристік-экологиялық экспедициясы отрядтарының слетінде оқушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғайды.