XII жазғы Қазақстан оқушылар Гимназиадасының облыстық
кезеңінің қортындысы туралы
Білім басқармасының 13 мамыр 2024 жылғы №587 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 20 мамыр – 3 маусым күндері аралығында дене шынықтыру мен спортты одан әрі жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында XII жазғы Қазақстан оқушылар Гимназиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
Гимназиадаға барлығы 316 оқушы қатысты. Төрешілер алқасы Сырым, Казталов аудандары мен Орал қаласының командаларының жоғары деңгейдегі дайындықтарын атады. XII жазғы Қазақстан оқушылар Гимназиадасының облыстық кезеңі келесі спорт түрлерінен өткізілді: спорттық туризм және футбол.
2024 жылдың 20 – 22 мамыр күндері аралығында «Самал» ТЛ – базасында 13 – 15 жас аралығында спорттық туризм жарысы өткізілді. Жарысқа Теректі, Бөрлі, Ақжайық, Қаратөбе және Бәйтерек аудандарының командалары қатысты. Жарысқа 5 команда қатысты. Бөкей Ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Сырым, Тасқала, Шыңғырлау аудандары және Орал қаласының командалары қатыспады.Барлығы 22 оқушы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша төмендегідей орындар белгіленді:
«Жеке» қашықтығы бойынша
Қыздар арасында
1 орын – Ишимгалиева Аружан (Теректі ауданы);
2 орын – Еркін Адина (Теректі ауданы);
3 орын – Өтешқали Ақерке (Теректі ауданы).
Ұлдар арасында
1 орын – Жәңгірханұлы Әмірхан (Қаратөбе ауданы);
2 орын – Серік Мансур (Қаратөбе ауданы);
3 орын – Алпамыс Дилнур (Қаратөбе ауданы).
«Құтқару жұмыстары» қашықтығы
1 орын – Қаратөбе ауданы;
2 орын – Бөрлі ауданы;
3 орын – Теректі ауданы.
Жалпы командалық есепте жүлделі орынға ие болған командалар:
1 орын – Қаратөбе ауданы;
2 орын – Теректі ауданы;
3 орын – Бөрлі ауданы.
2024 жылдың 27 – 29 мамыр күндері аралығында «Жастар» стадионы базасында 7 – 9 жас аралығында футбол жарысы өткізілді. Жарысқа Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Жәнібек, Қаратөбе, Сырым, Казталов аудандары, облыстық құрама командасы және Орал қаласының командалары қатысты. Жарысқа ұлдар арасында 8 команда, қыздар арасында 5 команда, барлығы 155 оқушы қатысты.
Жалпы командалық есепте жүлделі орынға ие болған:
7-9 жас аралығындағы қыздар арасында:
1 орын – Облыстық құрама командасы;
2 орын – Ақжайық ауданының командасы;
3 орын – Сырым ауданының командасы.
7-9 жас аралығындағы ұлдар арасында:
1 орын – Орал қаласының командасы;
2 орын – Облыстық құрама командасы;
3 орын – Бәйтерек ауданының командасы.
Үздік ойыншы номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Куприенко Яна (Облыстық құрама командасы);
Ұлдар арасында – Максутов Арлан (Облыстық құрама командасы).
Үздік шабуылдаушы номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Алибекова Ұлжан (Сырым ауданының командасы);
Ұлдар арасында – Қайырғали Бексұлтан (Казталов ауданының командасы).
Үздік бомбардир номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Мүсірғали Ақмарал (Ақжайық ауданының командасы);
Ұлдар арасында – Талғат Асанәлі (Орал қаласының командасы).
Үздік қорғаушы номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Кажмуханова Дарина (Бәйтерек ауданының командасы); Ұлдар арасында – Силыбай Нариман (Бәйтерек ауданының командасы).
Үздік қақпашы номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Урингалиева Назерке (Облыстық құрама командасы); Ұлдар арасында – Кузембаев Ислам (Орал қаласының командасы).
2024 жылдың 1 – 3 маусым күндері аралығында «Жастар» стадионы базасында 10 – 12 жас аралығында футбол жарысы өткізілді. Жарысқа Ақжайық, Бәйтерек, Бөкей Ордасы, Бөрлі, Казталов, Қаратөбе, Сырым аудандары және Облыстық құрама командасы және Орал қаласының командалары қатысты. Жарысқа ұлдар арасында 9 команда, қыздар арасында 5 команда, барлығы 144 оқушы қатысты.
Жалпы командалық есепте жүлделі орынға ие болған:
10-12 жас аралығындағы қыздар арасында:
1 орын – Облыстық құрама командасы;
2 орын – Орал қаласының командасы;
3 орын – Сырым ауданының командасы.
10-12 жас аралығындағы ұлдар арасында:
1 орын – Орал қаласының командасы;
2 орын – Казталов ауданының командасы;
3 орын – Облыстық құрама командасы.
Үздік ойыншы номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Сағынгерей Жансая (Орал қаласының командасы);
Ұлдар арасында – Шайхолла Әділет (Казталов ауданының командасы).
Үздік шабуылдаушы номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Тарғынқызы Перизат (Сырым ауданының командасы);
Ұлдар арасында – Амреев Ислам (Казталов ауданының командасы).
Үздік бомбардир номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Денисова Валерия (Облыстық құрама командасы);
Ұлдар арасында – Қайратұлы Маулет (Орал қаласының командасы).
Үздік қорғаушы номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Ибат Жансая (Ақжайықауданының командасы);
Ұлдар арасында – Айтмухамбетов Эльдар (Облыстық құрама командасы).
Үздік қақпашы номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Гончарова Злата (Облыстық құрама командасы); Ұлдар арасында – Сапар Санжар (Орал қаласының командасы).
Жүлдегерлер облыстық білім басқармасның грамоталарымен, медалдарымен және кубоктарымен марапатталды.