«Жайық-Орал» туристік-экологиялық экспедициясы жетекшілерін оқыту бойынша семинар-практикум болып өтті

ОБЖТжЭО-ның жоспары бойынша 25 сәуір мен 3 мамыр аралығында «Жайық-Орал» туристік-экологиялық экспедициясы жетекшілерін оқыту бойынша семинар-практикум болып өтті. Семинарға облысымыздағы балалар-жасөспірімдер туризм және экология аудан орталықтарынан (станцияларынан) 15 қосымша білім беру педагогтары қатысты. Семинар теориялық, практикалық және қорытынды бөлімдерден тұрды. Семинардың теориялық бөлімінде қатысушылар жорық кезіндегі қауіпсіздік шараларымен танысты. 27 сәуірден 2 мамырға дейін тәжірибелік бөлім - 1 дәрежелі қиындықтағы, Январцево ауылынан (Бәйтерек ауданы) Круглоозерное кентіне дейінгі 166 км су жорығы өтті. Семинарға қатысушылардың барлығына сертификаттар берілді.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"