Өлкемізге танымал турист, ҚР еңбек сіңірген туризм нұсқаушысы, Ақжайық ауданының тұрғыны Қуаныш Ізімғалиұлы Аққалиев «Балалар туримі тарихы» музейіне келіп, облыстық «Музейге сый!» акциясын жалғастырды. Қуаныш Ізімғалиұлы І,ІІ дәрежелі қиындықтағы су, тау, жаяу, спелео жорықтарының жетекшісі. Жоңғар Алатауларына (Алматы облысы) ұйымдастырған ІІ категориялы тау жорығында тапқан олжасын музейге табыстауды жөн көріпті. Музей қорын толықтыруға қосқан үлесіне алғыс білдіреміз.