Ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан оқушыларының Х жазғы гимназиядасының бағдарламасы шеңберінде, мектеп оқушылары арасында, онлайн форматта тоғызқұмалақтан республикалық жарыс өткізілді.
Жарысқа облыстық балалармен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қолдауымен облыс атынан оқушылар қатысып онлайн алаңда бақ сынады. Жарысқа еліміз бойынша оқушылар қатысып нәтижесінде ұлдар арасында Нұрғазин Әбілмансур ІІ орын, Ануарбеков Дархан ІІІ орын иеленіп облыс қоржнын күміс және қола медальдармен толықтырды.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!