Әулие деп бір құдайға ғашық болып бар өмірін құдай жолына арнаған адамды айтса керек. Ел мойындаған әулиенің тағы бір ерекшелігі қолынан небір кереметтер жасау келетіндігі. Құдай дарытқан қасиетін халық игілігіне арнап, арам мақсатқа жұмсамай адал, таза өмір сүру әр әулиенің мұраты.Тәңірі о баста, мынау ғаламды кеңейтіп түрлендірсін деп, Ғарышты жасантып гүлдендірсін деп өзіне ұқсас етіп адамды жаратқан. Адамның Құдайға неғұрлым беріліп, ниет қойған сайын бойынан Құдайлық қасиеттердің ояна түсетіндігі соған дәлел. Қабаттас дүниелердегі адамға ұқсас етіп жаратылған барлық тіршілік иелерінен адамның басым екендігін біз киелі кітаптардан білеміз. Адамның Құдайға ұқсас қылып жаратылғанын дәлелдейтін нақты білімді біз бүгін Ақ Сарбаз кітабынан табамыз. Бойында Ғарыштың барлық құдіретін жинақтаған 7 центрі бар адам, сол қасиет көздері оянғанда ерекше қабілетке ие болады. Мысалы, төртінші-көкіректегі центрі ашылғанда адам о дүние аруақтарымен байланысқа түседі. Олардан мәлімет пен қажетті білім, күш ала алады. Бұрынғы қазақтың білімді бастан емес көкіректен іздейтіні бекер болмаса керек.
«...Көкірегінде білімнің
КӨЗІ қайнап бұлақтай
Қанаға сыймай кернеген
Олардың айтқан сөзіне
Тұла бойын шымырлап
Сай сүйегін тебіренген»
– дейді Базар жырау баяғының билерін дәріптегенде.
Ашылған көкірек центрі арқылы биді жоғарғы дүниенің аруақтары қолдап тыңдаушының сай сүйегін тебіреніткен аталы сөзді айтқызып, елді дұрыс жолға үнемі бағыттап отырған.
«...Бес-алты ауыз сөйлейін
Болса жәрдем ПІРІМНЕН
Пірден жәрдем болмаса
Не болсын бізде білімнен.....»
Мұрат Мөңкеұлы.
Бұрынғының айтқыш ақындарынан қаһарлы хан-хакімдердің өзі ығысып сөзге тоқтаған емес пе? Ақынның ауызы дуалы, сөзі куәлі болмаса, центрі оянбаған әшейін сылдыр көмей жез таңдай болса одан кім қорықпақ? Ендеше бұл терең зерттеуді керек ететін өз алдына тың тақырып.
Жәнібек Әбілпеисов
Ақжайық ауданы, М. Өтемісов атындағы НЖББ мектебі жанындағы «Жерұйық» музейі жетекшісі. ҚББП, өлкетанушы