Мұхамбет Пайғамбардан бұрын жасаған әулиелердің ішінде Қожапәуеден деген әулие болыпты. Құдайдың мейірім шапағатына бөленген сол адамды жебірейіл періште көре алмай күнделті дейді. Бір күні жебірейіл періште:
– Осы сіз Қожапәуеденге осынша ықылас танытып бәрінен артық көресіз, сонда ол адам періштелерден де артық болғаны ма? – деп сұрапты. Жаратушы Ие айтыпты:
– Е, оны менен сұрағанша неге өзін барып сынамайсын – депті.
Қожапәуеден бір жиын-тойда отыр екен. Жебірейіл періште бала бейнесіне түсе қалып, қолына құман-шылапшын ұстап үйге кіреді де тура Қожапәуеденнің алдына келеді. Су құйып тұрып айтты дейді:
– Ата,сізден сұрайын деп едім, осы періштелер мықты ма, Қожапәуеден мықты ма?
Қожапәуеден әулие баланың бетіне қарап күліпті.
– Е, оның несін сұрайсын. Қолына су құйғызғаны күшті де, су құюшы әлсіз болғаны ғой – депті. Сөзден жеңілген періште сол сәтте көзден ғайып болған екен.
Шапағат қарияның әңгімесі
Жәнібек Әбілпеисов
Ақжайық ауданы, М. Өтемісов атындағы НЖББ мектебі жанындағы «Жерұйық» музейі жетекшісі. ҚББП, өлкетанушы