Жауынгерлік жол картасы:
Тапсырған ауыл тұрғыны: Қалиев Александр
Қорға түскен күні: 10.03. 1985 жыл
Жәдігердің иесі: Ұлы Отан соғысының ардагері Қалиев Александр
Жәдігерге анықтама: Соғысқа қатысқан сәттен бастап,соғыс майдандарын өзінің ұрысқа қатысқан жерлерін картаға түсіріп отырған. Ростов қаласына дейін барып, Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысқан. Неміс фашистерінің туын өртеу құқығына ие болып, сол ерлігін жас ұрпаққа шынайы ниет пен жеткізе білген. Жәдігер мектеп мұражайындағы құнды заттардың бірі. Өскелең ұрпаққа беріп келе жатқан тәрбиелік-тарихи мән-маңызы жоғары жәдігер.