Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жерлес- жауынгерлердің құрметіне орнатылған мемориал

Мемориал тігінен тұрған сынтас /стелла/ және оған жанастыра қызыл кірпіштен қаланған көлденең қабырға түрінде жасалған.Қабырғаның орталық бөлігінде терең емес қуыс қалдырылып, оған Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің фамилиялары ойылып жазылған . 5 мәрмәр тақтатас орнатылған.Көлденең қабырғаның алдыңғы тұсында Отан соғысы ордненінің бейнесі бекітіліп, соғыс жылдарының датасы көрсетілген. Сынтастың алдындағы шаршы алаңда – бес бұрышты жұлдыз түрінде Мәңгілік  алау орнатылған. Сынтастың биіктігі-2м. Жар қабырғасының биіктігі-1,5м. Мемориал 2005 жылы бетоннан құйылған тұғырға орнатылған.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"