Бөкей ордасы тарихи-музей кешені.

Кеңес үкіметінің орнауының 45 жылдығына байланысты бір топ ардагерлердің ұсынысымен 1962 ж. 15 желтоқсанда қоғамдық негізде, зейнеткер, ардагер, Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген мұғалім А.Ю.Тажетдиновтың басқаруымен 55 экспонатпен "Тарихи-революциялық музейі" ашылды.1967 ж. музей мемлекеттік музей статусын алды. 1997 ж. Бөкей ордасы тарихы музейі болып аталынды. Музейге қосымша тарихи-мәдени ескерткіштер ғимараттары: Хан сарайының шығыс флигелі, дәрігер Сергачев үйі, Тарғын мектебі, Қыздар мектебі ғимараттары,хан Жәңгір, күйші Дәулеткерей Шығаев, ғалым Мұхамед-Салық Бабажанов кесенелері, Хан мешіті қайта тұрғызылып, көрсетілген ғимараттар қалпына келтіріліп, Бөкей ордасының 200 жылдығы қарсаңында облыс әкімінің шешімімен "Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешені" статусы берілді.

Кешен қорында 10 мыңға жуық жәдігерлер бар. Халқымыздың тұрмыс-салтын, мәдениетін, өткені мен бүгінгісін халық арасында, жас ұрпаққа, көршілес Ресей Федерациясы азаматтары арасында көрсету және насихаттаумен шұғылданады.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"