Бөкей ордасының ескерткіштер тарихы

1801 ж. Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Бөкей сұлтанның басшылығымен Еділ мен Жайық  өзендері аралығына келіп қоныстанады. 1812 ж. Бөкей сұлтанға хан дәрежесі беріліп, Орал қаласы маңындағы тоғайда хан көтеру рәсімі өткізілді, кейін ол жер Хан тоғайы деп аталады. Хан Бөкей басқарған ел – алғаш Кіші орда, кейін Бөкей хандығы, Ішкі Қырғыз ордасы атанды. Хан Бөкей 1815 ж. қайтыс болады. Хандықты, уақытша, Бөкейдің інісі Шығай сұлтан басқарады. Кәмелеттік жасқа толған Бөкейдің ұлы Жәңгір 1823 ж. хан тағайындалып,1824 ж. Хан тоғайында хан көтеріледі.1826 ж. бастап Хан ордасының негізі қаланып, 1827 ж. Хан сарайы тұрғызылады.Хан Ордасында ағаш үйлер салынып, 1846 ж. үйлер саны 89-ға, ал 1851 ж. 152-ге жетеді. Ресми құжаттарда Хан ордасы аталған қала 1918 ж. Орда қаласы болып өзгертіледі.   
Хан Жәңгірдің билік құрған кезеңінде ел басқару институттарының негізі жасалды, оның жоспарымен дамудың алдыңғы шарттары, кейіннен де көптеген ойлары іске асты.
1826ж. – Орданың негізі Хан сарайы салынды.
1825ж. – Бөкей ордасында шешек ауруына қарсы егу басталды.
1828ж. – Алғашқы музей Қару-жарақ палатасы ашылды.
1832ж. – Хан жәрмеңкесі ашылды.
1835ж. – Хан мешіті салынды.
1839ж. – Хан Жәңгір І дәрежелі Әулие Анна орденімен марапатталады.
1839ж. – Алғашқы дәріхана ашылады.
1840ж. – Ветеринарлық бөлім ашылды.
1841ж. – Алғашқы мектеп Жәңгір училищесі ашылды.
1841ж. – Хан Жәңгірге генерал-майор шені берілді.
1841ж. – Почта-телеграф жұмыс істей бастады.
1844ж. – Хан Жәңгір Қазан университеті Ғылыми кеңесінің мүшесі 
болып  тағайындалды. 
1852ж. – Аурухана ашылды.
1862ж. – Кітапхана ұйымдастырылды.
1867ж. – Казначейство,
1869ж. – Обозымен өрт сөндірушілер командасы құрылды.
1870ж. – Метеорологиялық станса жұмыс жасады.
1883ж. – Қыздар мектебі ашылды.
1890ж. – Орман шаруашылығы құрылды.
1902ж. – Тұтынушылар одағы ұйымдастырылды.
1908ж. – Бактериологиялық бөлім ашылды.
1911ж. – "Қазақстан" газеті басылды.
15.12.1917ж. – Бөкей ордасында Кеңес үкіметі тұрақты орнады.
1918ж. – Алғашқы баспахана ашылды.
1918ж. – Алғашқы комсомол ұйымы құрылды.
1918ж. – Қазақтың І үлгілі атты әскер полкі құрылып, майдандарда
көптеген ерлік көрсетті.
1920ж. – Бөкейлік халыққа білім беру институты ашылды.
1924ж. – Педагогикалық техникум ашылды.
1941-1945ж.ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында Орда ауданы Қазақстандағы соғыс  жағдайына келтірілген бірден-бір аудан болды. Майданға аттанған 4000-нан астам ордалықтың үшеуі М.Мәметова, Т.Масин, А.Құсайынов Кеңестер Одағының Батыры атанды.Соғыстан кейінгі кезеңде ел шаруашылығын көтеріп, нығайтуда аянбай еңбек еткен 24 ордалыққа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Орда – талантты тұлғалар шыққан қасиетті өлке. Күй атасы Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Сейтек, ақын, күйші әрі батыр Махамбет, ғалым-этнограф Мұхамедсалық Бабажанов, Халық композиторлары Б.Жұманиязов, М.Сағатов, дирижер Ш.Қажығалиев, Халық артисі Х.Бөкеева, ақындар Т.Жароков, С.Даумов, Қ.Жұмағалиев, Медицина саласының озық қызметкерлері А.Герасимов, М.Шомбалов, Х.Бөкейханов, білім беру ісінің үздіктері Ғ.Зарипов, М.Кульбацкая, А.Тайманов, Б.Бірімжаров сынды 150-ден аса, соның ішінде 20-дан астам академик, ғалымдардың туған мекені.                                
Ордадағы әр уақиғаға Қазақстандағы "тұңғыш","алғашқы" деген сөздер қосылып айтылады.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"