«Қырық - Оба» патша обалар кешені

Қола дәуірі және ерте темір дәуіріндегі басты археологиялық зерттеулер.
Облысымызда 2002 жылдан бері жобалығы жағынан бірегей жерлеу ғұрыптарының ескерткіштері зерттелді.  Бұлардың ішінде Бөрлі ауданындағы 10 обадан тұратын «Облавка» обалар кешені бір-бірімен жыралар арқылы байланысқан, катакомба түрінде. Бұндай катакомбалық жерлеу орны біздің аймақта қайталанбайды. Облавка кешені жерлеу ғұрпына қарай, б.э.д. ІҮ-ІІ ғ.ғ жатады.
«Қырық-Оба» патша обалар кешені. Археологиялық қазба жұмыстары бұл жерде барлық далалық маусым кезеңінде жүргізілді. «Қырық-Оба» кешені өз алдына бөлек тұрған үш топтан тұрады. Археологтар анықтаған топтар:
1.«Қырық-Оба 1» патша обалар тобы, бұл топқа үш патша обалар тобы кіреді. Негізгі және 2-ші обалардың, сопақша келген созылыңқы екі қосымша құрылысы бар. Бұл обалар тобы бірегей дүние, себебі бұндай құрылыс түрі Еуразия континентінде жоқ. Негізгі обаның биіктігі 18,6 м және дүние жүзіндегі ең биік оба болып табылады. Созылыңқы обаларды қосқанда, аталған топ 7 нысаннан тұрады. Нақты осы кешен, Патша обалар тобы ашық аспан астында болатын қорық - мұражайдың негізі болуға тиіс.
2. Обалар тобы. Орал-Ақсай автожолы бойында, бірінші топтан 5-6 км жерде орналасқан, «Қырық-Оба ІІ» деп аталады. Хан обалар кешенімен бұл обалар тобын аймақтық және хронологиялық жақындығы, шығу тегі және бір типті құрлысы байланыстырады. Бұл топта көлемі мен мөлшері жағынан әртүрлі 29 оба анықталды. Обалар арасындағы ең үлкенінің биіктігі 6 метр, диаметрі 100 метр шамасында.
3. Шұғыла мекенінде, жинақы түрде орналасқан обалар тобы. 5 шағын обалардан құралған.
Бір типті ұқсастықтарына қарай «Қырық-Оба ІІІ» тобына жатқызылды. Осылайша, жалпы алғанда «Қырық-Оба» кешені бір-біріне жақын орналасқан 3 топтан тұратын обалар болып табылады. Қырық-Оба ІІ кешенінде 2001 жылы орталықтың бөлімшесімен және археология Институтының қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Ж. Құрманқұловтың басшылығымен археологиялық зерттеу жұмыстары қолға алынды. Нәтижесінде, аталған кешенде жыл сайынғы зерттеу жұмыстары тарих және археология орталығымен М.Н. Сдықовтың, А.А. Бисембаевтың, С.Ю. Гуцаловтың, Р. Мерғалиевтің басшылығымен жүргізілді.
Жалпы алғанда, аталған кешенде жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде бұл жерлерде б.э.д  ҮІ-Ү ғ.ғ сармат тайпаларының басым болғандығы туралы қорытынды жасауға дәлелдер берді. Бұл кезеңді дәлелдейтін көптеген құрал- саймандар: садақтың қола ұштары ( бұлардың ішінде түрі жағынан ҮІ және ХІ типтеріне жататын дөңес бастылары көбірек кезігеді, тегіс түпті, қолдан иленген құмыралар, ат жүгенінің бұйымдары) Қырық - Оба кешеніндегі жерлеу ғұрпы б.э.д ҮІІ-ҮІ ғ.ғ Аралмаңы ескерткіштерінің жерлеу ғұрыптарына жақындығын танытады. Бұл жайтты дәлелдейтін тағы бір белгі, бейіттен табылған семсер сынығы, бұндай семсер түрі Шығыс Аралмаңы аймағындағы Тағыскен оба-бейітінен табылған. Зерттеу жұмыстары, жерлеу орны сармат кезеңінің көрнекті өкілдерінің бірінің жерлеу орны екендігін көрсетті. Бұған дәлел, жерлеу орнында табылған алтыннан жасалған әшекейлер мен бұйымдар.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"