Көне мұра сыр шертеді «Қазекеш шәрі»

Бөрлі ауданының солтүстік шығысында Елек өзенінің жағасында орналасқан Жаңаталап елді- мекені үлкен хазіреттердің ауылы болған. “Хазірет” деп әдетте дін ілімін терең білген, елге елеулі азаматтарды, имамдар мен ғалымдарды атаған.
Жаңаталап ауылында жеті атасы бірдей атақты хазірет тұрған. Бұл мекен кезінде «Хазіреттер шаһары», «Хазірет шарт», «Хазірет Шаһараб» деп те аталған. Ел аузындағы “Қазекеш шәрі” деп аталып кеткен осы жер. Негізі халық «Қазекеш шәрі» деп Макарим хазіретті атаған. Жаңаталапта сол хазіреттер салған кітапхана, мешіт, медресе, жатақхана болған. Бұл ғимараттар кірпіштермен қорған болып қоршалған. 1930 жылдары революциядан кейін жергілікті тұрғындар мешіт, медрессе, жатақхананы бұзып, құрылыс материалдары ретінде пайдалануға үйлеріне алып кеткен.
1935 жылы «Жаңаталап» колхозы (кейін Қарасу ауылдық кеңесі) болып құрылады. Ел ішінде көзі қарақты адамдар көптеп кездеседі. Бұл жеті Хазірет ел қатарлы жай сауатты адамдар ғана емес, тарих бетінен орын алуға лайықты азаматтар болған. Олардың елеулі қызметтері, әулиелері әлі күнгі ел аузында және өз ұрпақтарының жадында сақталып келеді. Хазіреттер жыл сайын өз қаражаттарына 500 - 600 адамның діни сауатын ашқан. Мұнша адамды жыл сайын оқытып шығарғанына қарағанда олар тек сауатты ғана емес, байқуатты да бай адам болғаны айтпаса да белгілі. Жаңаталапта тұратын Қазекеш есімді қарт мұнда көптеген адамдар құран оқып  үйренгенін және облыс көлемінде хазіреттердің көпшілігі осы хазіреттердің шәкірттері екенін баса айтты. Білетіндер есімдері елге әйгілі Дәден ата, Мүсіреп әулие, Құдайқұл ата секілді әулиелер де сол хазіреттердің шәкірттері болған деседі.  Мазарат басындағы тастарды оқып көргеніде, сөз болған жеті хазреттердің есімдері көне араб тілінде жазылған құлпытас беттерінен шықты. Олар Макарим, Сәлімгерей, Мағалым, Жәлеледден, Ширажедден, Мауарин, Машарып. Бұл хазреттердің руы табын, Қадырбек бөлімінің Сүйіндік атасы.
2007 жылы 11 тамызда сол хазіреттердің барлық ұрпақтары жиналып, Жаңаталап елді- мекенінде жүзден астам адамға садақа берді. Сол садақаға хазіреттердің 40 шақты ұрпағы келіп қатысқан. Олардың арасында Құсман, Абзал, Рамазан, Абыл, Арман, Серік, Руслан деген азаматтар бар. Дейтұрғанмен мұнда көненің көзіндей болып сақталып қалған тарихи ескерткіштер де бар. Соның бірі – ауыл шетінде орналасқан ІІ ғасырлық тарихы бар ескі мешіттің кітапханасы. Сол Хазірет молданың бір ұрпағы – Рамазан деген азамат 2007 жылдың жазында көне мешітті күрделі жөндеуден өткізіп, халық игілігіне ұсынды. Мешіт қорғаны ішінде мәрмәр тақта орнатылып, оған Хазірет молдадан тараған ұрпақтардың есімдері жазылған.
Жанаталапты Кеңес үкіметіне дейін халық Қазеке шәрәсә атаған. Осы өңірде белгілі Құдайқұл Хазіреттің мешітін білмейтін, онда оқымаған адам аз. Құдайқұл мешіті, кітапханасы, басқа білім алар ошақтары болған. Кеңес үкіметі кезінде мешіт бұзылған, сонан тек кітапхана шамамен 20 шаршы метр боларлық ғимарат сақталған. Қызыл кірпішпен қаланған төрт кішкене құлағы бар, ортасы дөңгелек етіп күмбезделген. Сырты ақпен сырланған, темір есігі бар, еденде кілем төселген. Құдайқұловтар  отбасы 1928-30 жылдары байларды, би-болыстарды конфескелеп, тәркілеп темірторға жаба бастағанда отбасын сақтау үшін Алматы қаласына көшкен Толқын әжені мен де көрдім, БөрлідегіМТС-ті бұзғанда қабырғасына қаланған құлпытастарды бір жерге жинап, араб әрпінен кириллицаға аударып, Бөрлі ауылындағы қазақ қорымына тасыған-ды. Сонда халыққа  ас берілді. Оған Толқын апай да қатысты.

Қарасу МБК директоры.
Мади Келмуханов жинақтаған материалдан

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"