Мүсіреп әулие қорымы

Ерекше құлпытас Ақсай қаласының маңынан табылып,  зерттеу жұмыстары көрсеткендей бұл құлпытас Мүсіреп әулиенің қорымы болып, басына белгі қойылды. Қазіргі уақытта дертіне шипа іздеген не басқа да жайттармен әулиенің басына келушілер легі көбейді.
Мүсіреп (Мүсеке) Сейтқазыұлы 1888 жылы Қараоба өзенінің бойында орналасқан. Татан аулында дүниеге келген. Руы жетіру тама, Құдайқұлдың оразы.
Жалпы Мүсіреп әулиенің әкесі Сейтқазының Сыйдық деген інісі болған. Одан Арыстан деген бала болған. Балалары, немерелері жөнінде анық айта алмаймын. Мүсеке әулие 67 жасында дүние салыпты. Ол арқалы,  әулелігі мол адам болса керек.                                   
Шын есімі – Мысырғали. 1970-1930 жылдары өмір сүрген. Көріпкел, намаз оқып сопы болған кісі, Әкесінің аты – Құрманқұл. Руы –Тама. Осыдан 10-11 жыл бұрын Қараоба өзенінің бойында өткенде сол жерде бір ата бар деп естуші едік. Қазақстаннның бүкіл әулие бар жерлерін аралап келгеннен кейін, 2007 жылы Мүсіреп атаның басын көтеретін болып шештік. Ең бірінші құлпытасын қойған Жарас Машар болатын.  Мал сойып, үлкен садақа бердік. Содан бастап ата түсіме кіріп,  аян беретін болды. 2009 жылы  мазардың қасына үй салынып, қазір онда шырақшы тұрады. Мүсіреп әулиенің әкесі Сейітқазының Сыйдық  деген інісі болған. Одан Арыстан деген бала болған. Ол кісі әулие атаның қасында жерленген. Одан Абай есімді ұрпақ қалған, ол кісі қазіргі таңда Бөрлі ауылдық округінде тұрады. (Қуанышқали Ғұсманов «Өткен күнде белгі жоқ» газет жанрлары, 24-25 бет)
(«Бөрлі жаршысы» газеті №46  16.11.17ж)

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"