«В» вирустық гепатиті туралы нені білу керек

«В» вирустық гепатиті – вирустық инфекция, ол бауырдың қатты зақымдануымен, уланумен, ауру сипатың және аққырының әр қилы болыумен сипатталады.
«В» гепатиті көбінесе 20-49 жастағы ересек тұрғындар арасында кездеседі. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы сырқаттанушылықты баларды жас кезінде жоспарлы түрде вакцинациялая есебінен азайту мүмкін болды. Вакцина Ұлттық күнтізбеге сәйкес бала өмірінің 1-4 күні, 2 және 4 айларында жасалынады. Иммунитет екпе жасалғандардың 98%-де қалыптасады.

Ауру қалай жұқтырылады?

1.    Тұтынушылардың біреуі «В» вирустық гепатитімен ауыратын болса, есірткі тұтынуды бір инемен қолданған кезде
2.    «В» вирустық гепатитін жұқтырған тұлғамен жыныстық қатынас жасаған кезде.
3.    Салондар мен шаштаразда,пирсинг, татуаж жасағанда, тырнақ өндегенде, қулақ тескенде ауру жұқтырылған құралды пайдаланған кезде
4.    Медицина мекемелерінде ауруға жұқтырылған қанды, қан алмастыратын заттарды құйған кезде, стоматологиялық және басқа да емшараларды жасау кезінде
5.    Босану барысында ауру анасынан балаға
6.    Жеке тазалық заттарын жалпы бірге пайдаланған кезде (маникюр жинағы, қырыну құралдары және т.б.).

Мемлекеттік деңгейде қорғау шаралары:

Республиканың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі медицина мекемелерінде, шаштараздар мен сұлулық салондарында індетке қарсы күресу режимінің сақталуы бойынша жүйелі түрде тексеру жүргізіп тұрады және тәртіп бұзушыларға қатысты қатаң жазалау шараларын қолданады.

Жеке қорғаныс шаралары:

1.    Бірреттік инелер мен шпирцтерді қолдану
2.    Қауіпсіз жыныстық қатынас жасау, мүшеқаптар пайдалану
3.    Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес балаларды «В» вирустық гепатитіне қарсы толық вакциналауды жүогізу (өмірінің 1-4 күндері, 2 және 4 айларында!.
4.    Тұрмыста жеке күтім мен жеке тазалық заттарын пайдалану

Егер отбасында вирустық гепатитпен ауыратын
науқас бар болса, отбасының барлық мүшелері
тексерілуі және «В» гепатитінен қорғайтын
екпе жасатуы тиіс.
Есте сақтаңыз!
Қауіпсіздік шараларын сақтау
Сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтайды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"