Нарын құмы, Орда құмындағы ормандар Каспий маңы ойпаты солтүстігіне орналасқан. Олар қазақтың кең даласының солтүстік-батысындағы 4,5 млн га. жерді алып жатыр. 1842 ж. Нарын қорығында 16мың га. орман орналасқан.1888ж. 17 желтоқсанда Астрахан орман қорғау комитеті шешімімен Жасқұс, Қандыағаш, Мешітқұм, Қызылшағыл, Дүйсеқұм. т.б. 140 мың га жерді өз қарауына алады. 27.03.1890 ж. осы аймақ бойынша Нарын орман шаруашылығы, 1908 жылы Қандыағаш, Жасқұс, Орда питомниктері құрылды. 1910 жылы Орман кондукторларын даярлайтын мектеп ашылды.Орда орман шаруашылығында қазір 16405 га. жер қалды, қалған жер басқа облыстар, әскери полигонга берілді.