Мектеп

1841 жылы хан Жәңгір Хан ордасында Қазақстандағы алғашқы мектеп ашты.Онда дін сабақтарымен бірге математика, жағрафия,орыс тілі, қол еңбегі,т.б. пәндер жүргізілді. Мектепті бітірген түлектер Ресейдің жоғарғы оқу орындарына түсуге мүмкіндіктер алып, түрлі мамандықтар бойынша жоғары білім алды.
Мектеп Кеңес үкіметі кезеңінде М.Горький атындағы орта, ал 90-шы жылдар басында Жәңгір хан атындағы орта мектеп болып қайта аталды. Мектеп түлектерінен  20-дан астам академиктер, 150-ден астам оқымыстылар, белгілі қоғам қайраткерлері шықты. Қазір мектеп типтік жобада салынған ғимаратта орналасқан, онда 800-дей оқушы дәріс алады.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"