Пантеон.

1997 жылы хан Жәңгірдің басына кесене тұрғызылып,оны елбасы Н.Ә.Назарбаев келіп ашты. 2000 жылы белгілі күйші Дәулеткерей Шығаевқа кесене тұрғызылып, оның мүрдесі Қарамоладан әкелініп қайта жерленді. Кесенені ашу салтанатына сол кездегі мемлекеттік хатшы Ә.Кекілбаев келген еді. 2001 жылы белгілі оқымысты, этнограф  М.С. "Бабажановқа арналып кесене тұрғызылып,мүрдесін Торғайдан әкеліп қайта жерлеп, кесенесі салтанатпен ашылды. Осы үш кесене бірге қоршалынып,айналасына ағаш отырғызылып, күтімге алынды. Қазір бұл Пантеон ұлылардың рухына тәу етер орынға айналды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"