Бөкей ордасында сауда-саттық саласы дамып, тұрақты ақша айналымының қалыптасуына байланысты ақша айналымын реттейтін және сақтайтын орын қажет болды. Соған байланысты 1867 ж. 1 шілдеде Казначейство мекемесі құрылып, оның ғимараты пайдалануға берілді.1952 ж. мемлекеттік банк ретінде жұмыс істеді.
1969ж. ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, "Орда тарихи-революциялық музейіне" берілді.
2001 ж. ғимарат қалпына толықтай келтіріліп, "Бөкей ордасы тарихы музейі" болып пайдаланылып отыр.