Бұл жер бұрынғы Қазақстан станциясы, қазіргі Ақсай қаласы – деп аталса, ал Қоскемпір сайы №59жылжымалы механикаландырылған колонна (ПМК) механикасының алдынан ағып, кірпіш заводы салынған жер қамысты көлге құяды. Онан әрі Байторы көліне қосылады. Ертеректе бұл сайлар мен көлдерде су мол болған.
Жолбарыс батырдың қыстауы Бақтыарал болса, жайлауы Көншібайға (қазіргі Тұңғыш жерінде) дейінгі алқап, жазғы жайлауда Байжиен деген Қоскемпір сайының бойын жайлаған.
Жолбарыс батырдың атасы - Бекболат, Жайық қалмақтарымен соғысып батыр атағын алған кісі. Қалмақтарды Жайық – Еділ өзендерінен асырып салған сарбаздардың ішінде болған.
Бекболат батырдан туған Торы, оның қара қазанына қара су ұйыған. Соңынан Байторы атанған. Торының бес ұл баласы мен Ақшыбық деген жалғыз қызы болған. Жолбарыс батыр үйдің кенжесі болған.
Жолбарыс батырдың күшіне келсек, құдыққа түскен ірі қара малды, жылқыны бір өзі қауғалап шығара береді екен.
Батырдың жорықтарына байланысты Ақсайда ат бәйгесі өтетін «Жолбарыс алаңы», Ақтөбе жерінде «Жолбарыс сайы», Қарғалы, Шилісай, Үшағаш елді мекендерінде батыр өткен жол сілтемелері бар.
XIX ғасырда өмір сүрген даңқты қолбасшы, айбынды саясаткер, Жолбарыс Торыұлы батыр және старшын туралы, оның өмір сүрген ортасы, ел егемендігі жолында құрбан болған тарихи түлғаның рухын үлықтау, қастерлеу, насихаттау мақсатында, игілікті істері айтылып жүргенімен, әлі де болса, батырды ұлықтау мен дәріптеу ісін жалғастыра берсек деген – үкілі үміт!
Тарақты Табын руының батыры Жолбарыс Торыұлы 1785 жылы Бақтыарал ауылында дүниеге келіп, 1874 жылы 89 жасында өмірден өткен. Қазіргі Кеңтүбек селолық округіне қарасты Түйеші көлінің жағасы, қазіргі үлкен “КОС - тың” оң жағында 100 м. Ақсайдан 4 шақырым.
Жолбарыс Төреұлы туған жері - Байжиен, қазіргі Кеңтүбек ауылының округі.
Жолбарыс батыр талай мәрте елін, жерін сырт көзден, барымташылардан қорғап қалғандығы, көзсіз батырлығы, аруақтылығы, қайраттылығы туралы ел ішінде аңыз әңгімелері өте көп.
1Батыр бабамыз жәйлі «Арысын айтпас, аруағына сыйынбас ел болмас»
«Достық үні» газеті, №17.6.04.1994ж, №18.13.04.1994ж. 2.Алғали Мерғалиев
«Бөрліліктер өз батырын ұлықтай ма?», «Сауыт қалай сақталған»,
«Айна» газеті №19