Тасқала ауданы

Тасқала аудандық  білім бөлімінің

 

«Жас туристер станциясы»

Аудан көлемінде туристік-өлкетану жұмысын жандандыру, мектеп оқушыларын қосымша біліммен қамту арқылы бала бойында адамгершілік, табиғатқа сүйіспеншілік, кішіпейілділік, қамқорлық қасиеттерін айқындауда туризмнің ролі өте зор екені мәлім. Туризммен қамтылған оқушының табиғатқа, дүниеге деген көзқарасы жолдастарының, ұстаздарының көз алдында оң бағытқа өзгеретінін байқадық. Бастаған ісіміздің нәтижесін көру үшін, өз ісіне шын жүректен берілген туризммен оқушыларымызды сусындататын ұстаздарымызға жағдай жасауымыз керек.  Сол жұмысты жандандыру үшін Тасқала аудандық әкімияты Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жас туристер станциясы» МКҚК Тасқала аудандық әкімиятының 2006 жылы 25 желтоқсандағы № 344 қаулысының негізінде құрылды.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты білім беру саласында туризм бойынша, туризм негіздерін игеру, жеке тұлғаның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір негіздерін қалыптастыру білім бағдарламаларын игеруге жағдай жасау жолымен кәсіптік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру.

«Жас туристер станциясының»

Міндеттері

  • Мектептен тыс білім беру, оқушыларды туризм, өлкетану және экология саяхат құралдары арқылы тәрбиелеу;
  • Туристік жорықтар мен ғылыми экспедициялар ұйымдастыру;
  • Далалық жазғы шатырлы лагерін ұйымдастыру;
  • Аудан мектептерінің туризм, өлкетану, экология жетекшілерін дайындау;

Мақсаты

  • Рухани, жан-дүниесі бай, туристік-экологиялық мәдениеті жоғары Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу;

Мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы

Тасқала ауылы Молодежный-4а.

Оқыту жүйесі: Мектептен тыс қосымша білім беру.

Оқушы саны: Аудан бойынша 120

Мұғалімдер саны: 8

«Жас туристер станциясының» бірінші директоры: Айтжанов Жанболат Халенұлы

«Жас туристер станциясының» директоры: Нарымбаев Бейбит Маратович

Директордың орынбасары: Дюсенбеев Махамбет Саткалиевич

Туризм әдіскері: Калиев Қуаныш Талапұлы

Бухгалтері: Шукурова Альфия РахымжФанқызы

 

Нарымбаев Бейбіт Маратұлы

“Жас туристер станциясының” директоры

-     Жас туристердің І республикалық слетінің жүлдегері;

-     “Алатау - 2010” Халықаралық шаңғымен бағдарлау

турнирінің қатысушысы;

-          Шаңғымен бағдарлаудан ІІІ спорттық разряд иегері;

-          Халықаралық Европа-Азия туристік фестивалдерінің жеңімпазы;

-    “Батыс азимут-2010” спорттық бағдарлау жарысының жеңімпазы;

-     ҚР  кубогына  өткен  іздестіру - құтқару жұмыстарының  (поисково - спасательные  работы)     І-ші  Республикалық  жарысының  ІІ  орын  жүлдегері;

-          ҚР  көпшілік  туристік  (шаңғы туризмі)  чемпионат біріншілігінің  жүлдегері,  жеке  сынақта  ІІ  орын жүлдегері;

-          Оқушылары  аудандық,  облыстық  шаңғы  туризмі, жаяу  туризм  жарыстарының  жеңімпаздары, Республикалық   жарыстар  қатысушылары;

-     Оқушылары  ХХХХІХ  облыстық  жаяу  туризм  жарысының  жеңімпаздары  және  ХХХХХ  облыстық  жарысының  ІІ  орын  жүлдегерлері.

 

Калиев Қуаныш Талапұлы

“Жас туристер станциясының” туризм әдіскері

- Халықаралық  Европа-Азия туристік фестивалдерінің жеңімпазы

- Облыстық “Әкем, анам және мен-туристік отбасы” атты жарысының жүлдегері;

-          “Батыс азимут-2010” спорттық бағдарлау жарысының жүлдегері;

-          Оқушылары аудандық “Қарлығаш” туриадасының жеңімпаздары.

 

Айтжанов Жанболат Халенович

- V-ші облыстық спорттық бағдарлау жарысының         жүлдегері;
- Халықаралық Европа-Азия туристік фестивалдерінің жеңімпазы;
- “Әкем, анам және мен туристік отбасы” облыстық жарысының жүлдегері;
- “Күзгі бағдар - 2008” спорттық бағдарлау бойынша 8-ші Астана кубогі жарасының қатысушысы;
- “Алатау - 2010” Халықаралық шаңғымен бағдарлау
- турнирінің қатысушысы.

 

Ихласов Дулат Ерболатұлы

- Халықаралық Европа-Азия туристік фестивалдерінің жеңімпазы;

- Шымкент қаласында өткен жас туристердің І Республикалық слетінде оқушылары ІІ орынға ие болды;

- Оқушылары облыстық 46 туристік слетте, аймақтық “Батыс Қазақстан Шеңбері” туристік чемпионатында жеңімпаз атанды;

- 3 разрядты турист.

 

Вологин Николай Васильевич

- “Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі”;

- География және экология пәнінің жоғары санатты мұғалімі;

- «GLOBE» бағдарламасы бойынша педагог-эколог;

- «Хрусталды шоқыр» облыстық байқауында экологиядан авторлық бағдарламасымен үздік ғылыми-әдістемелік зерттеме үшін номинациясымен марапатталды;

-Оқушылары аудандық «Орал өңірінің кіші өзендері» экологиялық-өлкетанушылық экспедициясының жеңімпаздары;

- Балалар-жасөспірімдер туризмі және экологиясы   Халықаралық Мәскеу академиясының мүшесі.

 

Шакиров Талғат Асқарұлы

- Оқушылары аудандық, облыстық жарыстар жеңімпаздары;

- Шымкент қаласында өткен жас туристердің І Республикалық слетінде оқушылары ІІ орынға ие болды;

- Халықаралық Европа-Азия туристік фестивалдерінің жеңімпазы.

 

Гумаров Берікқали Жексенгалиевич

-  Оқушылары аудандық «Таза ауыл» экологиялық акциясының, облыстық “Орал өңірінің кіші өзендері” экологиялық - өлкетанушылық экспедициясының, облыстық «Бердингисттер» жарысының жеңімпаздары;

 

Қарағойшин Қапиз Хамитович

-   Оқушылары аудандық «Өз өлкеңді танып, біл!» экологиялық-өлкетану олимпиадасының жеңімпаздары, аудандық экологиядан, өлкетанудан өткен жарыстардың, конференциялардың  жеңімпаздары;

 

Сундетова Светлана Қуановна

- Оқушылары аудандық «Өз өлкеңді танып, біл!» экологиялық-өлкетану олимпиадасының жеңімпаздары, облыстық “Орал өңірінің кіші өзендері” экологиялық-өлкетанушылық экспедициясының, облыстық «Бердингисттер» жарысының жеңімпаздары;

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"