Бөрлі ауданы

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы «Жас туристер станциясы» КММ 

Бөрлі ауданындағы білім бе­ру жүйесінің құрамдас бөлі­гі болып саналатын  қосымша білім беретін орталықтың бірі «Жас туристер станциясы» КММ 2009 жылдың 1 қаңтарында Бөрлі ауданы әкімдігінің  қаулысы негізіндеқұрылған болатын.

Білім беру саласында қосымша білім беру жүйесінің маңызы арта түсіп, жеке тұлғаның дамуына, салауатты өмір салтының қалыптасуына, бос уақытының мазмұнды ұйымдастырылуына көп көңіл бөлініп отыр.

Туристік-өлкетану іс-әрекеттері-алуан түрлі жарыстар, жорықтар мен саяхаттар, экспедициялар, үйірме жұмыстары мен мектеп мұражайларының қызметі арқылы  жүзеге  асуда.

Балалардың қызығушылығын,  ынта-жігерін арттыратын туристік-өлкетану, спорттық бағдарлау, музейтану  үйірмелеріне 2020-2021 оқу жылы  ауданымыздың барлық мектебінен 111 үйірме ашылып, 1665 оқушы   қамтылып отыр. 63 қосымша білім беру педагогы қызмет жасайды.

Қазіргі таңда Жас туристер станциясында 4 бөлім жұмыс жасайды.

  • Туризм бөлімі
  • Өлкетану бөлімі
  • Спорттық бағдарлау бөлімі
  • Музейтану бөлімі

2016-2017 оқу жылында Бөрлі ауданы мектептерінде музейлер ашылды. Бүгінгі таңда 22 мектеп музейі жұмыстануда. Балалардың бос уақытын маңызды ұйымдастыру мақсатында орталықта жыл  сайын «Жас турист» жазғы демалыс лагері және «Қарашығанақ» шатырлы лагері жұмыс жасайды.

Туристік-өлкетану қызметі балаларды білім, тәрбие, сауықтыру саласында, сонымен қатар балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда тиімді әдіс болып табылатыны сөзсіз.

Мекен жайымыз: 090307, Батыс Қазақстан облысы,
Бөрлі ауданы, Бумакөл ауылы, Линейная көшесі 4/1,

тел. 8 (71133) 37-200, 50-542.

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Фото Аты-жөні Қызметі

Хасанов Манас Жолдыгалиевич

Жас туристер станциясының директоры

Имангазиева Аида Турарбековна

Жас туристер станциясы директорының әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

Изимгали Аслан Сүйінжанұлы

Cпорттық бағдарлау бөлімінің меңгерушісі

Қабиев Қасен Ербулатұлы

Өлкетану бөлімінің меңгерушісі

Сабитов Азамат Талгатович

Туризм бөлімнің меңгерушісі

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"