Балаларға қуаныш сыйлау – «Еуразия» туристік-сауықтыру кешенінің басты мақсаты!

«Еуразия» туристік-сауықтыру кешенінің базасында «Отан қорғаушы» жазғы ауысымы жалғасуда. Ауысымның басты мақсаты балаларды ұлтжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу. Ауысымға қатысушылар – Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының балалары. Ауысым бағдарламасы бойынша балалар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебін, облыстық балалар шығармашылығы орталығының планетарийін, Орал өңірінің балалар туризмі тарихы мұражайын тамашалады. Лагерь балалары тау туризмі мен жаяу туризмнің техникасын үйреніп, «Еуразия» ТСК – «Самал» ТЛ – «Еуразия» ТСК бағыты бойынша 2 күндік жаяу жорықта өз қабілеттерін көрсетті. Олар спорттық жарыстарға да қатысып, қайықпен серуен жасады.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"