Балалар жылы аясында өткізілген «Бабалар салған ізімен» туристік-өлкетанулық экспедициясы

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспiрiмдер туризм және экология облыстық орталығы және Бөкей ордасы аудандық туризм және экология орталығымен бірлесе 2022 жылдың 9–11 маусым күндері аралығында «Бабалар салған ізімен» экспедициясы (Орал–Сайхын–Хан Ордасы– Орал маршруты) ұйымдастырылды. Экспедицияға Ақжайық, Бөрлі, Теректі аудандарынан, Орал қаласынан және облыстық туризм орталығынан жалпы 54 үйірме оқушылары қатысты.

Экспедицияның мақсаты жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, өлке тарихын танып білу, рухани–мәдени мұраларды сақтау арқылы танымдық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Оқушылар бағдарлама бойынша Сайхын, Хан Ордасы елді мекендерінде тарихи–мәдени ескерткіштермен танысып, Шоңай ауылында іздестіру – зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық –этнографиялық музей қорығына экскурсия, музей мұрағатымен жұмыс жүргізді.

Экспедиция барсында табылған жәдігерлерлерді мектеп музейлеріне тапсырды. Оқушылар тұңғыштар мекені, шежіре тұнған құт мекен – Бөкей Ордасының тарихымен терең танысып, білімдерін толықтырып, үлкен әсермен оралды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"