«Жүз бақытты жүрек» атты жаңа жылдық акция

Жаңа жыл қарсаңында «Батыс Қазақстан облысынң әкімдігі  білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология облыстық орталығы» МКҚК-ң  ұйымдастыруымен «Жүз бақытты жүрек»атты акция ұйымдастырды.

Акцияның мақсаты: қам көңіл балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, қоғам назарын ерекше білім беруді талап ететін жасөспірімдерге аудару, тұлғаның бойында қайырымдылық пен мейірбандылық сезімдерін қалыптастыру.

Акция барысында есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты, зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты және көру қабілеті бұзылған, облыстық арнаулы мектеп-интернаты тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық сыйлықтар таратылды. Жарияланған төтенше жағдайға байланысты сыйлықтар мектептерге жеткізілді.

Акцияны ұйымдастыруда демеушілік білдіріп жатырған мейірбан жандарға облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы атынан шексіз алғысымызды білдіреміз.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"