Халықаралық ынтымақтастық

Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы мен «Коми Республикасының балалар қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығының» Өңірлік қоғамдық ұйымдарының бастамасымен "Достық көпірі" атты халықаралық жобаның ұйымдастырушылары мен қатысушыларына жұмыс кеңесі өткізілді.

Жұмыс кеңесіне Ресей Федерациясының "Пионерлер ұйымдарының одағы - балалар ұйымдарының Федерациясы», "Самара облысының балалар ұйымдарының Федерациясы», Беларусь Республикасы «Зубренок» ҰБО, "Я-МАЛ балалар бірлестіктерінің достастығы», «Солтүстік Қазақстан облыстық балалар қауымдастығы" атты қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Кеңес барысында ұйымдастырушылар 2008-2018 жылдары аралығында  Ресей мен Қазақстанның белсенді балаларымен жүзеге асырылған  акциялар мен іс-шаралары баяндады. Кеңеске қатысушылар жазғы демалыс кезінде педагогикалық жасақтар жұмыс істейтін халықаралық ауысымдарды ұйымдастыруды ұсынды.

Аталған жобаның басты қатысушылары, әрине бұл халықаралық  дипломатия бағдарламаларын құратын балалар және де  басқа да елдердің өз қатарластарымен достық қарым-қатынаста болатын мектеп оқушылары.  

Кездесу қорытындысы бойынша үш жақты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы шешім қабылданды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"